Публицистика (латынша: көпшілік, әлеумет)—қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады.
Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде публицистиканың өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвистер публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси тақырыпқа жазылған газет, журналдардағы мақалалар, памфлет, т. б. шығармаларды, шешендік сөздер публицистикалық стильдің ауызша түріне жатады.
Қалыптасу кезеңі
Публицистикалық стильдің жазба түрінің ең алғаш қалыптаса бастауы халықтың жалпы мәдениеті мен экономикасына байланысты. Мәдениеті ерте дамыған елдерде публицистикалық жанр ерте қалыптасады. Оған орыс тілі мысал бола алады. Ресейде XVIII ғасырда ең бірінші газет жарық көрді; сықақ журналдар шыға бастайды. “Санкт-Петербургтен Мәскеуге саяхаты” сол кезде жалынды публицистикалық шығарма болып есептелген.
XIX ғасырдың екінші жартысы публицистикаға үлкен өзгерістер енген кез болды. Бұл кезде революцияшыл-демократтар публицистиканы царизмге қарсы күрес құралы етіп жүмсады. В. Г. Белинский, Н. А. Добролюбов, Н. Г. Чернышевский сияқты сыншы-публицистер өздерінің сын мақалаларында қоғамдық құрылысты қатты сынға алып, революциялық идеяны қуаттады. Революциялық публицистиканың ең жоғарғы үлгісі марксистік-лениндік классикалық еңбектер болып саналәды.
Жазба публицистика баспасөз мәдениетінің өркендеп даму дәрежесін көрсетеді. Қазақ баспасөзі — Қазан төңкерісінің жемісі. “Қазақстанда революциядан бұрын баспа орны болған жоқ. Бірен-сараң шыққан кітаптарда қазақ тілі бұрмаланып басылып жүрді. Қазақ тілінде ең тұңғыш басылған кітаптың бірі — “Қозы Қөрпеш — Баян сұлу” қиссасы (ең алғаш -1816 жылы басылыпты). Шоқанның, Ыбырайдың, Абайдың т. б. шығармалары Санкт-Петербургте, Қазан мен Уфада, Орынбор мен Ташкент қалаларында шыққан. 1913 жылы басылған азын-аулақ кітаптардың ішінде Спандияр Көбеевтің “Қалың мал” романы, “Айна”, “Қарлығаш” деген өлеңдері мен поэмалары Қазанда жарық көрді”.
Публицистикалық стильдің сипаты
Публицистикалық стиль жұртқа үндеу, үгіт айтуда пайдаланылады. Мұндай үндеуге, үгітке қоғам үшін және дәл сол кезеңде зор мәні бар мәселелер тақырып болады. Мысалы, саяси, экономикалық, экологиялық, мәдени, моральдық мәселелер. Үндеудің, үгіттеудің мақсаты - жұртшылықты қоғамдық мәні бар іске қатыстыру, жұртшылықтың санасына ықпал ету.
Публицистикалық стиль ерекшеліктері
- жұртқа үндеу,үгіт айту үшін қолданылады;
- қоғамдағы маңызды мәселелер тақырып болады: саяси, экономикалық, экологиялық, мәдени, моральдық мәселелер;
- сөз нақты, жинақы, тұжырымды құрылады;
- экспрессивті, екпінді болады;
- тыңдаушыларды немесе оқырманды сол мәселеге араласуға жетелейтіндей болып құрылады;
- тақырыбына сай көркем әдебиет не ғылыми стильге жақын болады;
- ауызша, жазбаша формада болады,ауызекі айтылғанда, ауызекі сөйлеу стилінің сипаттарына ие болады.
Публицистикалық стильдің тілдік ерекшеліктері
Лексикада – қоғамдық-саяси терминдер мен сөздердің (митинг, ереуіл, демократия, парламент), эмоциялық баға беруші сөздердің (еңбек озаты, көшбасшы, еңбеккер, дем беруші), экспрессивтік бояуы бар сөздердің (қоян-қолтық, нық қадаммен), фразеологияда – перифразалардың (ақалтын – мақта, күріш; қара алтын – көмір, мұнай; екінші тың – қой шаруашылығы, көгілдір тың – құс шаруашылығы); морфологияда қос сөздердің (қоғамдық-әлеуметтік, бұқаралық-саяси, үгіт-насихаттық); бұйрық рай тұлғасының (орындайық, табысқа жетеміз), синтаксисте – сөйлемдегі сөздердің инверсиялық орын тәртібінің, қаратпа сөздердің, риторикалық сұрақтардың, жай сөйлем бөліктерінің, сан алуан қайталамаларының т.б. жиі қолданысқа түсуі публицистикалық стильдің басқа стильдерден өзгешеліктерін көрсетеді
Дереккөздер
- http://megamozg.kz/index.php?page=view_mat&id=2304&partition=other&subpartition=articles_kazakh
- Қазақ тілі. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық.
- https://massaget.kz/qaarc/qa/20071/
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Publicistika latynsha kopshilik әleumet kogam omiri үshin manyzdy mәselelerdi talkylau degen ugymda zhumsalady Publicistikalyk stil kogamdyk talapka saj zhazylgan shygarmalardyn negizinde kalyptasady Belgili bir tilde publicistikanyn oz aldyna bolek stil bolyp kalyptasuy kogamdyk sananyn oskenin artkanyn korsetedi Tildin baska stilderi siyakty publicistikalyk stil de biryngaj bolyp kelmejdi Birkatar lingvister publicistikalyk stildin zhazbasha tүrine sayasi takyrypka zhazylgan gazet zhurnaldardagy makalalar pamflet t b shygarmalardy sheshendik sozder publicistikalyk stildin auyzsha tүrine zhatady Қalyptasu kezeniPublicistikalyk stildin zhazba tүrinin en algash kalyptasa bastauy halyktyn zhalpy mәdenieti men ekonomikasyna bajlanysty Mәdenieti erte damygan elderde publicistikalyk zhanr erte kalyptasady Ogan orys tili mysal bola alady Resejde XVIII gasyrda en birinshi gazet zharyk kordi sykak zhurnaldar shyga bastajdy Sankt Peterburgten Mәskeuge sayahaty sol kezde zhalyndy publicistikalyk shygarma bolyp eseptelgen XIX gasyrdyn ekinshi zhartysy publicistikaga үlken ozgerister engen kez boldy Bul kezde revolyuciyashyl demokrattar publicistikany carizmge karsy kүres kuraly etip zhүmsady V G Belinskij N A Dobrolyubov N G Chernyshevskij siyakty synshy publicister ozderinin syn makalalarynda kogamdyk kurylysty katty synga alyp revolyuciyalyk ideyany kuattady Revolyuciyalyk publicistikanyn en zhogargy үlgisi marksistik lenindik klassikalyk enbekter bolyp sanalәdy Zhazba publicistika baspasoz mәdenietinin orkendep damu dәrezhesin korsetedi Қazak baspasozi Қazan tonkerisinin zhemisi Қazakstanda revolyuciyadan buryn baspa orny bolgan zhok Biren saran shykkan kitaptarda kazak tili burmalanyp basylyp zhүrdi Қazak tilinde en tungysh basylgan kitaptyn biri Қozy Қorpesh Bayan sulu kissasy en algash 1816 zhyly basylypty Shokannyn Ybyrajdyn Abajdyn t b shygarmalary Sankt Peterburgte Қazan men Ufada Orynbor men Tashkent kalalarynda shykkan 1913 zhyly basylgan azyn aulak kitaptardyn ishinde Spandiyar Kobeevtin Қalyn mal romany Ajna Қarlygash degen olenderi men poemalary Қazanda zharyk kordi Publicistikalyk stildin sipatyPublicistikalyk stil zhurtka үndeu үgit ajtuda pajdalanylady Mundaj үndeuge үgitke kogam үshin zhәne dәl sol kezende zor mәni bar mәseleler takyryp bolady Mysaly sayasi ekonomikalyk ekologiyalyk mәdeni moraldyk mәseleler Үndeudin үgitteudin maksaty zhurtshylykty kogamdyk mәni bar iske katystyru zhurtshylyktyn sanasyna ykpal etu Publicistikalyk stil erekshelikterizhurtka үndeu үgit ajtu үshin koldanylady kogamdagy manyzdy mәseleler takyryp bolady sayasi ekonomikalyk ekologiyalyk mәdeni moraldyk mәseleler soz nakty zhinaky tuzhyrymdy kurylady ekspressivti ekpindi bolady tyndaushylardy nemese okyrmandy sol mәselege aralasuga zhetelejtindej bolyp kurylady takyrybyna saj korkem әdebiet ne gylymi stilge zhakyn bolady auyzsha zhazbasha formada bolady auyzeki ajtylganda auyzeki sojleu stilinin sipattaryna ie bolady Publicistikalyk stildin tildik erekshelikteriLeksikada kogamdyk sayasi terminder men sozderdin miting ereuil demokratiya parlament emociyalyk baga berushi sozderdin enbek ozaty koshbasshy enbekker dem berushi ekspressivtik boyauy bar sozderdin koyan koltyk nyk kadammen frazeologiyada perifrazalardyn akaltyn makta kүrish kara altyn komir munaj ekinshi tyn koj sharuashylygy kogildir tyn kus sharuashylygy morfologiyada kos sozderdin kogamdyk әleumettik bukaralyk sayasi үgit nasihattyk bujryk raj tulgasynyn oryndajyk tabyska zhetemiz sintaksiste sojlemdegi sozderdin inversiyalyk oryn tәrtibinin karatpa sozderdin ritorikalyk suraktardyn zhaj sojlem bolikterinin san aluan kajtalamalarynyn t b zhii koldanyska tүsui publicistikalyk stildin baska stilderden ozgeshelikterin korsetediDerekkozderhttp megamozg kz index php page view mat amp id 2304 amp partition other amp subpartition articles kazakh Қazak tili Zhalpy bilim beretin mekteptin 9 synybyna arnalgan okulyk https massaget kz qaarc qa 20071