Вирус (лат. vīrus - «у») – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан – капсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр. Вирустардың биологиясы, теориялық және практикалық зерттеу арқылы анықталады.
Вирустар | ||||||||
Ғылыми топтастырылуы | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Домен | ||||||||
Патшалық | ||||||||
Халықаралық ғылыми атауы | ||||||||
Viruses | ||||||||
| ||||||||
| ||||||||
|
Вирустардың құрылысы
Вирустардың құрылысы мен іс-әрекетін темекі теңбілі ауруын мысалға алып қарастырайық. Темекі теңбілі вирусы темекі жапырағындағы хлоропластарды зақымдайды. Осының салдарынан жапырақ тақтасы бүрісі - шиыршықтанады. Сонымен қатар тостағанша, күлте жапырақшалары да өзгереді. Темекі теңбілі вирусымен зақымдалған жапырақ, 9-11 күннен кейін сарғая бастайды.
У. Стенлидің дәлелдеуі бойынша, темекі жапырағында вирус бөлшектері алты қырлы кристалл пішінді шоғыр түзеді.
Бактерияларды зақымдап, ерітіп (лизис) жіберетін вирустарды бактериофагтар деп атайды. Бұларды алғаш рет 1915 жылы Ф. Туорт сипаттап жазды. Кейбір бактериофагтың пішіні итшабаққа ұқсайды. Олардың денесі – басы, құйрығы және іші қуыс тармақталған базальді түтікшелерден тұрады. Вирусты сыртынан нәруыз қабаты қаптайды, ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал «құйрығының» ұзындығы 20-22 нм-ге тең. «Құйрығының» ұшы – нәруыз молекуласынан тұратын қуыс түтік.
Бактериофагтарды алғаш рет 1915 жылы ағылшын вирусологі және бактериологі Ф. Туорт сипаттап жазғандығы белгілі. Бірақ бұл тіршілік иесі ерте кезден зерттеле бастаған болатын. Мысалы, топалаңды қоздыратын бактерияларды ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1898 жылы орыс микробиологі Н. Ф. Гамалея алғаш рет анықтаған. Іш сүзегі бактериясын ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1917 жылы канадалық бактериолог Д’Эрелль (Ф. д’Эрелль) байқаған.
Зерттеушілер осындай көзге көрінбейтін бактериялардың паразитін егжей-тегжей зерттеп жазды да, оларды бактерия «жеушілер» немесе «жалмаушылар» деп атады.
Бұдан кейінгі зерттеушілер басқа бактерияларды ерітіп жіберетін табиғатта көптеген бактериофагтардың бар екендігін анықтаған болатын. Олар ауру қоздырғыш бактерияларды ғана жоймай, пайдалы түрлерін де жояды. Бактериофагтар өндіріске, тамақ өнеркәсібіне және тағыда басқа көп зиян келтіреді. Мысалы, олар пайдалы ерітіп жіберіп, алынған сүт тағамдарының сапасын төмендетеді.
Вирус ұғымы 1899 жылы ғылымға алғаш рет голландиялық ғалым енгізді. 1935 жылы америкалық вирусолог вирусты кристалл күйінде бөліп алды. Осы кристалдарды сау темекі өсімдігіне енгізгенде, ол теңбіл ауруымен ауыратынын дәлелдеді. 1898 ж. неміс ғалымы сиыр аусылының қоздырғышы аусыл вирусын, ал 1911 жылы америкалық ғалым тауық саркомасының вирусын тауып зерттеді. Қазіргі кезде жылы қанды жануарларда ауру тудыратын вирустардың бес жүздей, ал өсімдіктерде үш жүздей түрі белгілі. Кейбір қатерлі ісік ауруын тудыратын вирустардың адам мен жануарларда вирустық микрофлорасы қалыптасады. Вирустардың пішіні әр түрлі (мысалы, таяқша, иілгіш жіпше тәрізді, сфералық, көп қырлы, тағыда басқа). Вирустың жасушадан тыс (вириондар) және жасуша ішінде тіршілік ететін топтары бар. Барлық вирустар шартты түрде жай және күрделі болып бөлінеді. Жай вирустар – нуклеин қышқылдары мен ақуызды қабықтан (капсид) тұрады; бұларға таяқша, жіп және сфералық формалары жатады. Күрделі вирустар – нуклеин қышқылы мен капсидтен басқа, липопротеидті мембрана, көмірсу және ферменттерден тұрады. Вириондардың мөлшері 15 – 350 нм (кейбір жіптәрізді вирустардың ұзындығы 2000 нм-ге жетеді); негізінен вирустарды тек электрондық микроскоп арқылы көруге болады. Вирус тек бір типті нуклеин қышқылынан (ДНҚ немесе РНҚ) тұрады. ДНҚ-да вирустардың молекулалық саны 106 – 200Һ106, ал РНҚ-дағы вирустардікі – 106 – 15Һ106 болады. Вирустардың көптеген жылдар бойы тіршілік ортасында әрекетсіз жата беру қабілеті бар. Олар дамуына қолайлы жағдай туғанда бірнеше минуттың ішінде көбейіп, өзіне тән қасиеттерін көрсете алады. Адам мен жануарларда жиі кездесетін вирусты көпшілігі 60ӘС-та қыздырғанда тіршілігін немесе ауру қоздырғыштық қасиеттерін жояды. Ал темекі теңбілінің вирусы 10 минут бойы 90ӘС-қа дейін, сары ауру вирусы отыз минут бойы 80ӘС-қа дейін қыздырғанда ғана тіршілігін жояды. Вирус ультракүлгін сәулелер мен химиялық заттарға (қышқыл, сілті) төзімді келеді. Тотықтырғыш заттар вирустың белсенділігін жояды, ал барлық тотықсыздандырғыш заттар олардың тіршілігіне қолайлы келеді. Мысалы, фенолдың 0,5%, күкірт қышқылы аммонийдың 50%-дық ерітіндісінде сақтала береді. Ал тотықтырғыштарда, мысалы, сутек асқын тотығы немесе марганецқышқыл калий (1%) ерітіндісінде олар тіршілігін тез жояды. Вирус көбеюі бес сатыға бөлінеді: жасушаға ену; жасушада вирус нуклеин қышқылының құрылуын қамтамасыз ететін ферменттердің түзілуі; вирус құрылым бөлшектерінің жиналуы; одан вирионның түзілуі; ересек вирустың жасушадан шығуы. Вирус бактериялар клеткасына жасуша қабырғасы арқылы өтсе, жануарларда жасуша мембранасы арқылы адсорбцияланады. Өсімдіктерге вирус тек қана жасушаның зақымдалған жерінен ғана ене алады. Бір жасушаны «іштей жеген» вирустар көршілес жасушаларға ауысып, барлық организмді зақымдап, ауруға шалдықтырады. Вирустарды молекулалық биология зерттейді. Вирустар нуклеин қышқылдарының гендік қызметін ашу үшін (генетикалық кодты анықтау) пайдаланылады.
Вирустардың облигатты паразитизмнің себебі оларда жасушалық құрылым мен меншікті зат алмасу процесі болмайды. Дақылдау әдісін таңдау вирустың мақсатына байланысты. Жасуша дақылын алғашқы (егілетін) жартылай егілетін және егілетін деп бөлінеді. Алғашқы 5-10 пассажѓа тњтеп беретін жасуша дақылы жатады. Алғашқы дақылды дайындау бірнеше этаптан тұрады: ұлпаны ұсақтау трипсинизация жолымен жасушаларды ажырату, жасушаларды трипсиннен ажырату, біртекті изоляцияланған жасушаларды қоректік ортада суспензиялау егілетін бір қабатты жасуша дақылдарын қатерлі және қалыпты жасуша тізбегін құрайды. Оларға қатерлі ісік жасушалары, адамның, маймылдың бүйрегінің қалыпты жасушалары жатады. Жартылай егілетін дақылдарға адамның диплоидты хромосома жиынтығын сақтайтын жасуша жүйесі ретінде беріледі. Вирустың жасуша дақылында өсуін цитопатиялық эффектісі, жасушада қосымшалар түзілуі, теңбіл дақтардың түзілуі бойынша және гемадсорбция феномені мен түрлі түсті реакция бойынша бағалайды. ЦПҚ-жасушаның микроскоппен көрінетін өзгерістері. Қосымшалар - арнайы бояу әдістерінде ядро мен цитоплазмада кездестіруге болатын вирустық бөлшектердің, вирустық ақуызтардың жұмысы. Теңбіл дақтар (бляшкы)- вирустардың әсерінен жасушадағы бұзылған бөліктер, оны бірқабатты жасуша дақылында вирустарды өсіру кезінде байқауға болады. Гемадсорбция реакциясы - вируспен залалданған жасуша дақылдарының өзінің беткейінде эритроциттерді адсорбциялау қабілеті, түрлі-түсті (цветная проба) сынақ индикаторлы қоректік орталардың түсіндегі өзгерістерге негізделген. Вируспен залалданбаған жасушаның өсуі салдарынан метаболизм өнімдері жинақталып, қоректік орта түсінің өзгеруі туады. Залалданған тіндер дақылдарында кейбір вирустар өзінің цитопатикалық әсерін бірнеше күннің ішінде, басқалары 1-2 апта өткен соң, вирустың қасиетіне, санына байланысты және жасушаның ерекшелігіне байланысты көрінеді.
Дүниежүзілік микробиология тарихында орыс ғалымы Д. И. Ивановскийдің алатын орны ерекше. Ол XІX ғасырдың соңында темекі теңбілі ауруын зерттеп, ол аурудың қоздырғыштары бактериялардан да ұсақ тіршілік иесі екенін тапқан. Д. И. Ивановский ауруға шалдыққан жапырақты жуып, ол жуындыны бактерияларды сүзетін сүзгіден өткізгенде одан өтіп кеткен. Осы сұйықтықты темекіге жұқтырғанда, оның жапырағы қайтадан сарғайып, ауруға ұшыраған. Зақымданған темекі жапырағын үлкейткіш құралдармен тексергенде кристалдар байқалған. Кейіннен 1935 жылы америкалық ғалым У. Стенли бұл кристалдардың шоғырланған жиынтығы екенін тапты.
XІX ғасырдың соңында Д. И. Ивановский ашқан өте ұсақ тіршілік иесінің вирустар екендігі дәлелденді.
Вирустар қасиеті
- Кіші, әрі тірі ағзалар. Жасушалық құрылымдары жоқ.
- Тек тірі жасушаға ену арқылы тіршілігін жалғастыра алады. Көбісі ауру тудырушы болып табылады.
- Құрылысы бойынша ДНҚ және РНҚ-дан тұрады. Іші липопротеинді, сырты ақуызды қабықпен қапталған.
- Тірі мен өлі арасындағы ағза.
- Әрбір вирус тек арнайыланған жасушаларды бұзады.
- Вирустар көбейе алады, тұқымқуалаушы аппараты бар.
- Өзгеруге бейім, жасуша қабығы жоқ. Зат және энергия айналымы жоқ.
- Көлем бойынша өспейді.
Вирустар морфогенезі
Вирустар морфогенезі - вирустардың торша ішінде көбейгенінде (репродукция кезінде) олардың жаңа ұрпақтарының пайда болуы, олардың құрылымдарының жиналуы. Алдымен вирус құрауыштары: нуклеин қышқылы мен белоктары синтезделгеннен соң провириондар жиналады, содан кейін вирионның толық жиналуы басталады. Жиналу вирустардың түріне байланысты, торшаның əр орнында: цитоплазмада, ядрода өтеді. Пайда болған вирустық құрылымдардың торша ішіндегі орындарын "вирус фабрикасы" , "вирус-қоспалары" немесе "вирус-денешіктері" деп атайды.
Вирустар репродукциясы
Вирустар репродукциясы - вирустардың адам, жануар, құс, өсімдік және бактериялар ішінде немесе тірі торшалардың ішінде өсіп жетілуі. Вирустар жоғары сатыдағы организмдер сияқты жыныстық жолмен де, бактериялар сияқты бөліну жолымен де көбеймейді. Сондықтан көбею деген "репродукция" сөзімен көрсетіледі. Вирустар репродукциясы - күрделі, көп қырлы процесс, бірнеше сатылардан тұрады.
Вирустар титрі
Вирустар титрі - арнайы реакция құра алатын вирустардың ең аз мөлшері. Вирустардың титрі гемагглютинация туғыза алатын, инфекция жұқтыра алатын қасиеттерімен анықталады. Вирустардың титрі биологиялық белсенділік бірлігімен (дозасымен) белгіленеді: леталді доза (ЛД), инфекциялы доза (ИД), эмбрионды инфекциялық доза (ЭИД), эмбрионды леталді доза (ЭЛД), цитопатикалы доза (ЦД). Бұлардың бəрі арнайы əдістермен анықталады.
Вирустардың басытқылары
Вирустардың басытқылары - вирусқа қарсы пайда болған иммунитеттің арнайы емес тəнсіз гуморалдық факторлары; организмде вирустардың өніп-өсуін тежейді. Температураға төзімділігіне байланысты термолабилді және термостабилді болып екі топқа бөлінеді. Адам, мал организмінде, қан сарысуында, ұлпааралық, ми-жұлын сұйықтықтарында табылған.
Вирустасымалдаушылық
Вирустасымалдаушылық - вирустың организмде болуы, вирус алып жүру. Бұл жұқпалы аурулардан бір түрі, бірақ вирустың организмде болуына қарамастан, аурудың клиникалық белгілерінің айқын білінбеуі.
Вирустардың негізгі ерекшеліктері
- Вирустың құрамында тек бір нуклеин қышқылы ғана бар: РНҚ (рибонуклеин қышқылы) немесе ДНҚ (дезоксирибонуклеин қышқылы). Сондықтан да вирустар құрамында РНҚ-лы немесе ДНҚ-лы бар вирустар болып бөлінеді. Ең негізгісі РНҚ-лы вирустардың барлық генетикалық ақпараты осы РНҚ-да.
- Вирустар тек клетка ішінде ғана тіршілік ететін арамтамақтар, демек тек клетка ішінде ғана көбейеді.
- Вирустардың көбею ерекшеліктерін «дисьюнктивтік» түрге жатқызады. Себебі барлық жанды дүние екіге бөліну, бүршіктену, спора арқылы көбейсе, вирустардың өсіп-өнуі одан да ерекше. Вирустар клетка ішінде болады да жоғалып кетеді. Себебі вирус бөлшектерін, серологиялық не микроскоп әдістері арқылы клетка ішінен кездестіре алмаймыз, клетка ішінде белок пен нуклеин қышқылына бөлініп кетеді. Ал болашақ вирустың компоненттері клетканың әр жерінде пайда болады: нуклеин қышқылы - ядрода, цитоплазмада, белоктары - цитоплазмада, содан кейін барып кұралады. Күрделі вирустардың өсіп-жетілуі бұдан көп ерекше. Олар уақыт және кеңістікте бірнеше сатыға бөлінеді. Себебі олардың, көбеюі де бірнеше сатыдан тұрады.
- Вирустардың белок құрайтын жүйесі - рибосомдары жоқ. Демек вирустар өздері белок құрай алмайды.
- Вирустар - генетикалық деңгейдегі арамтамақтар. Вирустар жасанды орталарда (ЕПА, ЕПС) өспейді. Себебі оларда ассимиляция, диссимиляция, тыныс алу деген жоқ, қоректенбейді, ештеңе бөлмейді. Вирустардың көбеюі үшін тек қана тірі клетка керек, тек клетканың ішінде ғана, клетка материалдарын пайдаланып қана көбейе алады. Вирустар өзінің геномымен (РНҚ не ДНҚ) клетка геномына әсер етіп белгілі бір байланысқа түседі. Осылайша клетка бірге жұмыс істейтін күйге түседі, мысалы, рак ауруының вирустары.
Осының салдарынан торшаның өлуі де мүмкін, себебі торша геномы зақымдалады, сондықтан торшалық РНҚ-ы құралмай, вирус геномы рибосомаға еніп, оны жеңіп шығуы мүмкін. Осындай зақымға ұшыраған клеткаларда вирустар көбейе бастайды. Демек вирустар клетканың генетикалық аппаратына "өз дегенің" істетіп көндіреді.
- Вирустардың ендігі бір ерекшелігі ол өте ұсақ. Олар нанометрмен өлшенеді. 1 нм - метрдің миллиардтан бір бөлігі 1/1000000000 м. Демек 1 метрде - 1 000 000 000 нм, ал 1 мм - 1 000 000 нм, 1 мкм - 1 000 нм, 1 нм - 10 А°. Мысалы, ең ірі деген шешек ауруы вирусының мөлшері жөнінен бактерияға жақындайды. Үлкендігі 250 — 350 нм. Ең кіші вирустың ірілігі (мысалы, аусыл ауруын қоздыратын вирус) 20 - 30 нм. Осындай өте ұсақ вирусты тек электрондық микроскоппен ғана көруге болады. Себебі ондай микроскоп 200000- 500000, не 1-2 млн рет үлкейтіп көрсетеді. Вирустардың осындай ұсақ болуына байланысты оларды зерттеу үшін сүзгіден өткізу тәсілдері қолданылады. Сондықтан да уақытында "Сүзгіден өтетін вирус" деген ұғым пайда болды. Қазіргі кезде "Вирус" деген ұғым ғана қолданылады.
- Вирустардың тағы бір ерекшелігі - олар кристалл ретінде де кездеседі. Мұндай қасиет тек өлі дүниеде ғана болады (минералдарда). Темекі жапырақтарының ауруын қоздыратың вирусты кристалл түріндегі вирусты американдық ғалым - биохимик, вирусолог Уэнделл Стенли алған еді. Оған сол еңбегі үшін Нобель сыйлығы берілді. 1955 жылы полиомиелит (балалардың сал ауруы) вирусының кристалл түрі алынды. Вирустардың кристалл түрін жай микроскоппен де көруге болады. Бір кристалда бірнеше миллион вирус болады. Кристалдар оншақты жыл бойы сақталуы мүмкін. Дегенмен кез келген уақытта олардың өсіп-өніп миллиондап көбейіп кетуі де мүмкін.
- Вирустардың кейбір түрлері торша ішінде "денешіктер", "қосылыстар" ретінде кездесуі мүмкін және олар торшада өздері өсіп көбейген жерде ғана болады. Мысалы: құтырық жұқтыратын вирусы - цитоплазмада, аденовирустар- ядрода болады. Вирустардың тағы бір айта кететін ерекше қасиеті бар - ол тек белгілі органдар клеткаларында және клетка ішіндегі органеллаларда өніп-өседі. Демек, вирустар клетка ішіндегі ядрода, ядрошықтар мен рибосомдарда, митохондрияларда кездеседі.
Дереккөздер
- Ағылшын тілінде. Бұл сөздің латын тіліндегі аудармасы көп болғандықтан, сұрақ туғызады.
- Балалар энциклопедиясы, III-том
- "Ордабасы": Энциклопедия.- Шымкент:"Ордабасы".2008.
- Қазақ Энциклопедиясы
- Балалар энциклопедиясы
- О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі.
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі.
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі.
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі.
Тағы қараңыз
- Компьютерлік вирус
- Вироидтар
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Virus lat virus u tiri organizmderdin ishindegi zhasushasyz tirshilik iesi Olar ribonuklein kyshkylynan nemese dezoksiribonuklein kyshkylynan kuralgan nukleoproteidterden sondaj ak fermentti nәruyzben kaptalgan kabykshadan kapsidterden turady Bul kabyksha virustyn kuramyndagy nuklein kyshkyldaryn syrtky ortanyn kolajsyz zhagdajlarynan korgajdy Kejbir virustardyn kuramynda nuklein kyshkyldarynan baska komirsular maj tekti zattar biotin N vitamini zhәne mys molekulalary kezdesedi Virustar tek tiri zhasushada onip osip kobeyuge bejimdelgen Elektrondyk mikroskoppen 300 myn ese үlkejtip karaganda onyn pishini tayaksha tәrizdi zhip tәrizdi nemese ishi kuys cilindr pishindi bolatyny dәleldendi Virustar tiri organizmderdin barlygyn ulandyrady Қazirgi kezde virustardyn zhyly kandy omyrtkalylardy ulandyratyn 500 dej al osimdikterdi ulandyratyn 300 den astam tүri belgili bolyp otyr Virustardyn biologiyasy teoriyalyk zhәne praktikalyk zertteu arkyly anyktalady VirustarҒylymi toptastyryluyDomenVirustarPatshalykVirustarHalykaralyk gylymi atauyViruses 3 tukymdas 3 tukymdas 2 tukymdas 4 tukymdas 4 tukymdas 5 tukymdas 4 tukymdas Uikitүrlerdegi zhikteluiOrtakkordan suret izdeuNCBI 10239EOL 5006Virustardyn kurylysyVirustardyn kurylysy men is әreketin temeki tenbili auruyn mysalga alyp karastyrajyk Temeki tenbili virusy temeki zhapyragyndagy hloroplastardy zakymdajdy Osynyn saldarynan zhapyrak taktasy bүrisi shiyrshyktanady Sonymen katar tostagansha kүlte zhapyrakshalary da ozgeredi Temeki tenbili virusymen zakymdalgan zhapyrak 9 11 kүnnen kejin sargaya bastajdy U Stenlidin dәleldeui bojynsha temeki zhapyragynda virus bolshekteri alty kyrly kristall pishindi shogyr tүzedi Bakteriyalardy zakymdap eritip lizis zhiberetin virustardy bakteriofagtar dep atajdy Bulardy algash ret 1915 zhyly F Tuort sipattap zhazdy Kejbir bakteriofagtyn pishini itshabakka uksajdy Olardyn denesi basy kujrygy zhәne ishi kuys tarmaktalgan bazaldi tүtikshelerden turady Virusty syrtynan nәruyz kabaty kaptajdy ishinde DNҚ nemese RNҚ bolady Basynyn molsheri 40 nm al kujrygynyn uzyndygy 20 22 nm ge ten Қujrygynyn ushy nәruyz molekulasynan turatyn kuys tүtik Bakteriofagtardy algash ret 1915 zhyly agylshyn virusologi zhәne bakteriologi F Tuort sipattap zhazgandygy belgili Birak bul tirshilik iesi erte kezden zerttele bastagan bolatyn Mysaly topalandy kozdyratyn bakteriyalardy eritip zhiberetin bakteriofagtardy 1898 zhyly orys mikrobiologi N F Gamaleya algash ret anyktagan Ish sүzegi bakteriyasyn eritip zhiberetin bakteriofagtardy 1917 zhyly kanadalyk bakteriolog D Erell F d Erell bajkagan Viriondardyn ikosaedrikalyk kurylymy A Lipidty kabykshasy zhok virus mysaly pikornavirustar B Қabyushasy bar virusvirus mysaly Belgiler 1 kapsid 2 genomndy nuklein kyshkyly 3 kapsomer 4 nukleokapsid 5 virion 6 lipidty kabyksha 7 kabykshanyn membranalyk akuyzdary Zertteushiler osyndaj kozge korinbejtin bakteriyalardyn parazitin egzhej tegzhej zerttep zhazdy da olardy bakteriya zheushiler nemese zhalmaushylar dep atady Budan kejingi zertteushiler baska bakteriyalardy eritip zhiberetin tabigatta koptegen bakteriofagtardyn bar ekendigin anyktagan bolatyn Olar auru kozdyrgysh bakteriyalardy gana zhojmaj pajdaly tүrlerin de zhoyady Bakteriofagtar ondiriske tamak onerkәsibine zhәne tagyda baska kop ziyan keltiredi Mysaly olar pajdaly eritip zhiberip alyngan sүt tagamdarynyn sapasyn tomendetedi Virus ugymy 1899 zhyly gylymga algash ret gollandiyalyk galym engizdi 1935 zhyly amerikalyk virusolog virusty kristall kүjinde bolip aldy Osy kristaldardy sau temeki osimdigine engizgende ol tenbil auruymen auyratynyn dәleldedi 1898 zh nemis galymy siyr ausylynyn kozdyrgyshy ausyl virusyn al 1911 zhyly amerikalyk galym tauyk sarkomasynyn virusyn tauyp zerttedi Қazirgi kezde zhyly kandy zhanuarlarda auru tudyratyn virustardyn bes zhүzdej al osimdikterde үsh zhүzdej tүri belgili Kejbir katerli isik auruyn tudyratyn virustardyn adam men zhanuarlarda virustyk mikroflorasy kalyptasady Virustardyn pishini әr tүrli mysaly tayaksha iilgish zhipshe tәrizdi sferalyk kop kyrly tagyda baska Virustyn zhasushadan tys viriondar zhәne zhasusha ishinde tirshilik etetin toptary bar Barlyk virustar shartty tүrde zhaj zhәne kүrdeli bolyp bolinedi Zhaj virustar nuklein kyshkyldary men akuyzdy kabyktan kapsid turady bularga tayaksha zhip zhәne sferalyk formalary zhatady Kүrdeli virustar nuklein kyshkyly men kapsidten baska lipoproteidti membrana komirsu zhәne fermentterden turady Viriondardyn molsheri 15 350 nm kejbir zhiptәrizdi virustardyn uzyndygy 2000 nm ge zhetedi negizinen virustardy tek elektrondyk mikroskop arkyly koruge bolady Virus tek bir tipti nuklein kyshkylynan DNҚ nemese RNҚ turady DNҚ da virustardyn molekulalyk sany 106 200Һ106 al RNҚ dagy virustardiki 106 15Һ106 bolady Virustardyn koptegen zhyldar bojy tirshilik ortasynda әreketsiz zhata beru kabileti bar Olar damuyna kolajly zhagdaj tuganda birneshe minuttyn ishinde kobejip ozine tәn kasietterin korsete alady Adam men zhanuarlarda zhii kezdesetin virusty kopshiligi 60ӘS ta kyzdyrganda tirshiligin nemese auru kozdyrgyshtyk kasietterin zhoyady Al temeki tenbilinin virusy 10 minut bojy 90ӘS ka dejin sary auru virusy otyz minut bojy 80ӘS ka dejin kyzdyrganda gana tirshiligin zhoyady Virus ultrakүlgin sәuleler men himiyalyk zattarga kyshkyl silti tozimdi keledi Totyktyrgysh zattar virustyn belsendiligin zhoyady al barlyk totyksyzdandyrgysh zattar olardyn tirshiligine kolajly keledi Mysaly fenoldyn 0 5 kүkirt kyshkyly ammonijdyn 50 dyk eritindisinde saktala beredi Al totyktyrgyshtarda mysaly sutek askyn totygy nemese marganeckyshkyl kalij 1 eritindisinde olar tirshiligin tez zhoyady Virus kobeyui bes satyga bolinedi zhasushaga enu zhasushada virus nuklein kyshkylynyn kuryluyn kamtamasyz etetin fermentterdin tүzilui virus kurylym bolshekterinin zhinaluy odan virionnyn tүzilui eresek virustyn zhasushadan shyguy Virus bakteriyalar kletkasyna zhasusha kabyrgasy arkyly otse zhanuarlarda zhasusha membranasy arkyly adsorbciyalanady Өsimdikterge virus tek kana zhasushanyn zakymdalgan zherinen gana ene alady Bir zhasushany ishtej zhegen virustar korshiles zhasushalarga auysyp barlyk organizmdi zakymdap auruga shaldyktyrady Virustardy molekulalyk biologiya zerttejdi Virustar nuklein kyshkyldarynyn gendik kyzmetin ashu үshin genetikalyk kodty anyktau pajdalanylady Virustardyn obligatty parazitizmnin sebebi olarda zhasushalyk kurylym men menshikti zat almasu procesi bolmajdy Dakyldau әdisin tandau virustyn maksatyna bajlanysty Zhasusha dakylyn algashky egiletin zhartylaj egiletin zhәne egiletin dep bolinedi Algashky 5 10 passazhѓa tњtep beretin zhasusha dakyly zhatady Algashky dakyldy dajyndau birneshe etaptan turady ulpany usaktau tripsinizaciya zholymen zhasushalardy azhyratu zhasushalardy tripsinnen azhyratu birtekti izolyaciyalangan zhasushalardy korektik ortada suspenziyalau egiletin bir kabatty zhasusha dakyldaryn katerli zhәne kalypty zhasusha tizbegin kurajdy Olarga katerli isik zhasushalary adamnyn majmyldyn bүjreginin kalypty zhasushalary zhatady Zhartylaj egiletin dakyldarga adamnyn diploidty hromosoma zhiyntygyn saktajtyn zhasusha zhүjesi retinde beriledi Virustyn zhasusha dakylynda osuin citopatiyalyk effektisi zhasushada kosymshalar tүzilui tenbil daktardyn tүzilui bojynsha zhәne gemadsorbciya fenomeni men tүrli tүsti reakciya bojynsha bagalajdy CPҚ zhasushanyn mikroskoppen korinetin ozgeristeri Қosymshalar arnajy boyau әdisterinde yadro men citoplazmada kezdestiruge bolatyn virustyk bolshekterdin virustyk akuyztardyn zhumysy Tenbil daktar blyashky virustardyn әserinen zhasushadagy buzylgan bolikter ony birkabatty zhasusha dakylynda virustardy osiru kezinde bajkauga bolady Gemadsorbciya reakciyasy viruspen zalaldangan zhasusha dakyldarynyn ozinin betkejinde eritrocitterdi adsorbciyalau kabileti tүrli tүsti cvetnaya proba synak indikatorly korektik ortalardyn tүsindegi ozgeristerge negizdelgen Viruspen zalaldanbagan zhasushanyn osui saldarynan metabolizm onimderi zhinaktalyp korektik orta tүsinin ozgerui tuady Zalaldangan tinder dakyldarynda kejbir virustar ozinin citopatikalyk әserin birneshe kүnnin ishinde baskalary 1 2 apta otken son virustyn kasietine sanyna bajlanysty zhәne zhasushanyn ereksheligine bajlanysty korinedi Dүniezhүzilik mikrobiologiya tarihynda orys galymy D I Ivanovskijdin alatyn orny erekshe Ol XIX gasyrdyn sonynda temeki tenbili auruyn zerttep ol aurudyn kozdyrgyshtary bakteriyalardan da usak tirshilik iesi ekenin tapkan D I Ivanovskij auruga shaldykkan zhapyrakty zhuyp ol zhuyndyny bakteriyalardy sүzetin sүzgiden otkizgende odan otip ketken Osy sujyktykty temekige zhuktyrganda onyn zhapyragy kajtadan sargajyp auruga ushyragan Zakymdangan temeki zhapyragyn үlkejtkish kuraldarmen teksergende kristaldar bajkalgan Kejinnen 1935 zhyly amerikalyk galym U Stenli bul kristaldardyn shogyrlangan zhiyntygy ekenin tapty XIX gasyrdyn sonynda D I Ivanovskij ashkan ote usak tirshilik iesinin virustar ekendigi dәleldendi Virustar kasietiKishi әri tiri agzalar Zhasushalyk kurylymdary zhok Tek tiri zhasushaga enu arkyly tirshiligin zhalgastyra alady Kobisi auru tudyrushy bolyp tabylady Қurylysy bojynsha DNҚ zhәne RNҚ dan turady Ishi lipoproteindi syrty akuyzdy kabykpen kaptalgan Tiri men oli arasyndagy agza Әrbir virus tek arnajylangan zhasushalardy buzady Virustar kobeje alady tukymkualaushy apparaty bar Өzgeruge bejim zhasusha kabygy zhok Zat zhәne energiya ajnalymy zhok Kolem bojynsha ospejdi Virustar morfogeneziVirustar morfogenezi virustardyn torsha ishinde kobejgeninde reprodukciya kezinde olardyn zhana urpaktarynyn pajda boluy olardyn kurylymdarynyn zhinaluy Aldymen virus kurauyshtary nuklein kyshkyly men beloktary sintezdelgennen son proviriondar zhinalady sodan kejin virionnyn tolyk zhinaluy bastalady Zhinalu virustardyn tүrine bajlanysty torshanyn er ornynda citoplazmada yadroda otedi Pajda bolgan virustyk kurylymdardyn torsha ishindegi oryndaryn virus fabrikasy virus kospalary nemese virus deneshikteri dep atajdy Virustar reprodukciyasyVirustar reprodukciyasy virustardyn adam zhanuar kus osimdik zhәne bakteriyalar ishinde nemese tiri torshalardyn ishinde osip zhetilui Virustar zhogary satydagy organizmder siyakty zhynystyk zholmen de bakteriyalar siyakty bolinu zholymen de kobejmejdi Sondyktan kobeyu degen reprodukciya sozimen korsetiledi Virustar reprodukciyasy kүrdeli kop kyrly process birneshe satylardan turady Virustar titriVirustar titri arnajy reakciya kura alatyn virustardyn en az molsheri Virustardyn titri gemagglyutinaciya tugyza alatyn infekciya zhuktyra alatyn kasietterimen anyktalady Virustardyn titri biologiyalyk belsendilik birligimen dozasymen belgilenedi letaldi doza LD infekciyaly doza ID embriondy infekciyalyk doza EID embriondy letaldi doza ELD citopatikaly doza CD Bulardyn beri arnajy edistermen anyktalady Virustardyn basytkylaryVirustardyn basytkylary viruska karsy pajda bolgan immunitettin arnajy emes tensiz gumoraldyk faktorlary organizmde virustardyn onip osuin tezhejdi Temperaturaga tozimdiligine bajlanysty termolabildi zhәne termostabildi bolyp eki topka bolinedi Adam mal organizminde kan sarysuynda ulpaaralyk mi zhulyn sujyktyktarynda tabylgan VirustasymaldaushylykVirustasymaldaushylyk virustyn organizmde boluy virus alyp zhүru Bul zhukpaly aurulardan bir tүri birak virustyn organizmde boluyna karamastan aurudyn klinikalyk belgilerinin ajkyn bilinbeui Virustardyn negizgi erekshelikteriVirustyn kuramynda tek bir nuklein kyshkyly gana bar RNҚ ribonuklein kyshkyly nemese DNҚ dezoksiribonuklein kyshkyly Sondyktan da virustar kuramynda RNҚ ly nemese DNҚ ly bar virustar bolyp bolinedi En negizgisi RNҚ ly virustardyn barlyk genetikalyk akparaty osy RNҚ da Virustar tek kletka ishinde gana tirshilik etetin aramtamaktar demek tek kletka ishinde gana kobejedi Virustardyn kobeyu erekshelikterin disyunktivtik tүrge zhatkyzady Sebebi barlyk zhandy dүnie ekige bolinu bүrshiktenu spora arkyly kobejse virustardyn osip onui odan da erekshe Virustar kletka ishinde bolady da zhogalyp ketedi Sebebi virus bolshekterin serologiyalyk ne mikroskop әdisteri arkyly kletka ishinen kezdestire almajmyz kletka ishinde belok pen nuklein kyshkylyna bolinip ketedi Al bolashak virustyn komponentteri kletkanyn әr zherinde pajda bolady nuklein kyshkyly yadroda citoplazmada beloktary citoplazmada sodan kejin baryp kuralady Kүrdeli virustardyn osip zhetilui budan kop erekshe Olar uakyt zhәne kenistikte birneshe satyga bolinedi Sebebi olardyn kobeyui de birneshe satydan turady Virustardyn belok kurajtyn zhүjesi ribosomdary zhok Demek virustar ozderi belok kuraj almajdy Virustar genetikalyk dengejdegi aramtamaktar Virustar zhasandy ortalarda EPA EPS ospejdi Sebebi olarda assimilyaciya dissimilyaciya tynys alu degen zhok korektenbejdi eshtene bolmejdi Virustardyn kobeyui үshin tek kana tiri kletka kerek tek kletkanyn ishinde gana kletka materialdaryn pajdalanyp kana kobeje alady Virustar ozinin genomymen RNҚ ne DNҚ kletka genomyna әser etip belgili bir bajlanyska tүsedi Osylajsha kletka birge zhumys istejtin kүjge tүsedi mysaly rak auruynyn virustary Osynyn saldarynan torshanyn olui de mүmkin sebebi torsha genomy zakymdalady sondyktan torshalyk RNҚ y kuralmaj virus genomy ribosomaga enip ony zhenip shyguy mүmkin Osyndaj zakymga ushyragan kletkalarda virustar kobeje bastajdy Demek virustar kletkanyn genetikalyk apparatyna oz degenin istetip kondiredi Virustardyn endigi bir ereksheligi ol ote usak Olar nanometrmen olshenedi 1 nm metrdin milliardtan bir boligi 1 1000000000 m Demek 1 metrde 1 000 000 000 nm al 1 mm 1 000 000 nm 1 mkm 1 000 nm 1 nm 10 A Mysaly en iri degen sheshek auruy virusynyn molsheri zhoninen bakteriyaga zhakyndajdy Үlkendigi 250 350 nm En kishi virustyn iriligi mysaly ausyl auruyn kozdyratyn virus 20 30 nm Osyndaj ote usak virusty tek elektrondyk mikroskoppen gana koruge bolady Sebebi ondaj mikroskop 200000 500000 ne 1 2 mln ret үlkejtip korsetedi Virustardyn osyndaj usak boluyna bajlanysty olardy zertteu үshin sүzgiden otkizu tәsilderi koldanylady Sondyktan da uakytynda Sүzgiden otetin virus degen ugym pajda boldy Қazirgi kezde Virus degen ugym gana koldanylady Virustardyn tagy bir ereksheligi olar kristall retinde de kezdesedi Mundaj kasiet tek oli dүniede gana bolady mineraldarda Temeki zhapyraktarynyn auruyn kozdyratyn virusty kristall tүrindegi virusty amerikandyk galym biohimik virusolog Uendell Stenli algan edi Ogan sol enbegi үshin Nobel syjlygy berildi 1955 zhyly poliomielit balalardyn sal auruy virusynyn kristall tүri alyndy Virustardyn kristall tүrin zhaj mikroskoppen de koruge bolady Bir kristalda birneshe million virus bolady Kristaldar onshakty zhyl bojy saktaluy mүmkin Degenmen kez kelgen uakytta olardyn osip onip milliondap kobejip ketui de mүmkin Virustardyn kejbir tүrleri torsha ishinde deneshikter kosylystar retinde kezdesui mүmkin zhәne olar torshada ozderi osip kobejgen zherde gana bolady Mysaly kutyryk zhuktyratyn virusy citoplazmada adenovirustar yadroda bolady Virustardyn tagy bir ajta ketetin erekshe kasieti bar ol tek belgili organdar kletkalarynda zhәne kletka ishindegi organellalarda onip osedi Demek virustar kletka ishindegi yadroda yadroshyktar men ribosomdarda mitohondriyalarda kezdesedi DerekkozderAgylshyn tilinde Bul sozdin latyn tilindegi audarmasy kop bolgandyktan surak tugyzady Balalar enciklopediyasy III tom Ordabasy Enciklopediya Shymkent Ordabasy 2008 Қazak Enciklopediyasy Balalar enciklopediyasy O D Dajyrbekov B E Altynbekov B K Torgauytov U I Kenesariev T S Hajdarova Aurudyn aldyn alu zhәne saktandyru bojynsha oryssha kazaksha terminologiyalyk sozdik Shymkent Ғasyr Sh 2005 zhyl ISBN 9965 752 06 0 Қazak tili terminderinin salalyk gylymi tүsindirme sozdigi Қazak tili terminderinin salalyk gylymi tүsindirme sozdigi Қazak tili terminderinin salalyk gylymi tүsindirme sozdigi Қazak tili terminderinin salalyk gylymi tүsindirme sozdigi Tagy karanyzKompyuterlik virus ViroidtarBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet